«Алтын қазына»
Есіл қалалық №3 орта мектебінің оқушылары ағымдағы жылдың тамыз айының 15-16 күндері Көкшетау қаласында өткен «Алтын қазына» облыстық балалар көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрме-байқауына барып бақ сынасты. Атап айтар болсақ Ануарбек Іңкәр, Ануарбек Сунхар, Аблаева Айнель, Мубарак Перизат, Каиржанова Асылай жетекшілері Иргибаева Умургуль Тургунқызы. Көрме – байқауы екі кезеңнен өткізілді. бірінші кезең (іріктеу)- өңірлік, мектепішілік көрме-байқау, екінші кезең облыстық көрме – байқау. Көрме-байқауына намысын қорғап, өздерінің қолдарымен, шеберліктерімен жасаған тоқыма бұйымдары, ағаштан, тастан, саздан сабан тоқымадан жасаған шағын көлемдегі жұмыстарын бірнеше номинациялар бойынша көрме – байқауға ұсынды. Ақмола облысының барлық аудандарынан көптеген жас өнер иелері байқауға қатысты. Жеңімпаздарды дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Әдіскер Д. Хангишиева