"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰЙЫМ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР КӘСІПТІК БАҒДАР БҰРЫШЫ

12.05.2020

Кәсіби бағдар бұрышын мектеп фойесінде бірінші қабатта немесе психолог кабинетінде ұйымдастыруға болады.

Бұрыш функциялары:

1.Оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетеді.

2.Жергілікті ұйымдар туралы кәсіпорындар туралы хабардар етеді.

3.Мамандықтар, түрлі үлгідегі оқу орындары, түрлі салалар, еңбек адамдары туралы анықтамалық және басқа әдебиеттермен таныстырады.

Бұрыш стенд түрінде болуы мүмкін. Кабинет стендтері тақырыптарының үлгі тізбесі:

1. Кәсіптің түрлері мен ерекшеліктері.

2. Кәсіптерге қысқаша шолу.

3. Сипаттың қасиеттері мен ерекшеліктері.

4. Абсолютті және салыстырмалы Кәсіби жарамдылық.

5. Мамандық таңдаудың типтік қателіктері.

Кәсіптік оқу орындары туралы ақпарат:

* облыстың кәсіптік оқу орындарының схемасы;

* кәсіби оқу орындарының проспектілері мен жарнамалық хабарландырулары;

* мамандықтар күнтізбесі (Кәсіби мерекелерге арналған ауыспалы материал).

Өңірдің еңбек нарығы туралы ақпарат:

* Бос орындар альбомы;

* азаматтардың жұмыспен қамту саласындағы құқықтары,әлеуметтік кепілдіктер •

Оқушылардың қызығушылығы:

* техникалық шығармашылық;

* көркем шығармашылық;

* үйірме сабақтарында еңбек сабағында жасалған бұйымдар көрмесі.

Мамандардың кеңестері:

Мектеп психологы:

- оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігін зерттеу;

- оқушылардың және олардың ата-аналарының сауалнамасы арқылы оқушылардың кәсіби және бейіндік өзін-өзі анықтауға дайындығына мониторингті жүзеге асырады;

- оқушыларға кәсіптік бағдар беру бойынша тренинг сабақтарын өткізу;

- ата-аналар мен педагогтар үшін психологиялық ағарту, әңгімелесу өткізеді;

- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық кеңес беруді жүзеге асырады;

- оқушылардың өзін-өзі дұрыс бағалауын қалыптастыруға ықпал етеді;

-оқушылардың ата-аналарын оқушылар алдында өз мамандығы туралы сөз сөйлеуге шақырады, оларды үйірме жетекшілері жұмысына тартады;

- сынып жетекшісіне оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін талдау мен бағалауға көмек көрсетеді;

- кәсіптік диагностика бойынша деректер базасын құрады.

Медициналық қызметкер:

-әр түрлі формаларды, әдістерді, құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді;

- оқушылармен кәсіптік мансабы мен адам денсаулығының табыстылығының өзара байланысы туралы әңгіме өткізеді;

- кәсіптік мансапқа денсаулық жағдайының әсер ету мәселесі бойынша кеңес береді;

- сынып жетекшісіне, мектеп психологы мен әлеуметтік педагогқа оқушылардың қызметін талдауда көмек көрсетеді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.05.2020 14:20
Құрылған күні: 14.05.2020 16:54

Текст