2026 жылдың 4 наурыз күні Есіл қаласының С.Серіков атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында Жастар спартакиадасы аясында Есіл ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен ұлттық мектеп лигасы бойынша аудандық жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша командалық Тоғызқұмалақтан І орынды Красивый ауылының ЖББМ, ІІ орынды Қаракөл ауылының ЖББМ, ІІІ орынды Свободный ауылының ЖББМ командасы иеленді. Асық ату бойынша жарыс қорытындысы бойынша І Есіл қаласының №3 ЖББМ ІІ орынды Құмай ауылының НМ, ІІІ орын Красивый ауылының ЖББМ, Бес асық жарысы бойынша І орынды Красивый ауылының ЖББМ, ІІ орын Құмай ауылының НМ, ІІІ орынды Есіл қаласының №2 ЖББМ Барлық қатысушы командаларға жеңіске деген жігері командалық рухтарын көтеру мақсатында грамоталар берілді. Барлық қатысушы жас спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз.
