Болашаққа - лайықты біліммен!
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы "Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі" ШЖҚ МКК талапкерлерді 2020-2021 оқу жылына күндізгі және сырттай оқу бөліміне қабылдауды жариялайды.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес колледж келесі мамандықтар мен оқу мерзімдері бойынша мамандар даярлайды:
Негізгі орта білім базасында қабылдау: Оқу мерзімі – 3 жыл 10 ай:
0105000 – Бастауыш білім беру, біліктілігі 0105083 - Ағылшын тілін білетін бастауыш білім беру мұғалімі (мемлекеттік және орыс тілінде оқыту);
0104000 – Кәсіптік оқыту(салалары бойынша), білікілігі 0104023 - Өндірістік оқыту шебері, техник-технолог (тігін өндірісі);
0103000- Дене тәрбиесі және спорт, біліктілігі 0103023 – Дене тәрбиесі мұғалімі (мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту);
0108000 – Музыкалық білім беру, біліктілігі 0108013 - Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка мұғалімі;
0111000 – Негізгі орта білім беру, біліктілігі 0111013 – Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі, 0111083 – Шетел тілі мұғалімі;
0101000 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, біліктілігі 0111013 - Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі;
0511000 – Туризм, біліктілігі 0511043 – Менеджер.
Жалпы орта білім базасында қабылдау, Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай:
0103000- Дене тәрбиесі және спорт, біліктілігі 0103023 – Дене тәрбиесі мұғалімі;
0101000- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, біліктілігі 0111044 - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры;
Оқуға түсу үшін келесі құжаттар қажет:
- білімі туралы құжат (түпнұсқа);
- 086-У флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін-медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
- 3 * 4 өлшемдегі 4 фотосурет
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін)
- Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса).
Құжаттар күндізгі оқу бөліміне 20 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін қабылданады.
НАЗАРЫҢЫЗҒА!
Оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдау конкурсы тиісті бейінді және міндетті пәндер бойынша білім туралы құжат бағасының жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.
Басқа қаладан келген студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі.
е gov, сондай-ақ CollegeSmartNation сайтында талапкерлерді онлайн-тіркеу жүргізіледі (талапкерлерге арналған құжаттарды тапсыруды ресімдеу бойынша Нұсқаулықты көрсете отырып))
Біздің мекен-жайымыз: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Едомский көшесі 23. Телефондар 8(71636) 2-30-33, 2-39-75, электрондық пошта schgtk@mail.ru, vpk@aqmoedu.gov.kz,
колледжінің сайты: http//pt005.burabay.aqmoedu.kz