Текст
2024 жыл қазанның 20 күні Астана қаласында Поплавская Гулишат Алиасхабовнаның басшылығымен «Star studio» би ұжымының 41 тәрбиеленушісі қатысқан «Бала Шабыты» жобасының «Art planet» халықаралық байқауы өтті.
Жобаға Қазақстанның облыстық және республикалық маңызы бар қалаларынан 43 ұжым қатысты.
«Star Studio» би ұжымы жүлделі орындарға ие болды
Қазақ биі - 1 орын
Өзбек биі - 1 орын
Авар биі - Гран-при.
Қатысушылар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды. Поплавская Гулишат Алиасхабовна мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік педагог» медалімен және құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұжымға ары қарай көркеюді және одан әрі шығармашылық жеңістер тілейміз