«Қазіргі заманғы жастардың құндылықты басымдықтары»
14 сәуір күні сағ. 15.00 аудан мектептері белсенділерінің қатысуымен онлайн форматта «Қазіргі заманғы жастардың құндылықты басымдықтары» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.
Мақсаты:
1. Қазіргі заманғы жастардың құндылықтар жүйесі мен басымдықтарын талқылау;
2. қатысушыларға талқыланатын тақырып бойынша өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
3. ортақ пікір тұжырымдау немесе тараптардың әртүрлі ұстанымдарын нақты ажырату.
Дөңгелек үстелге қонақтар ретінде :
Жергілікті полиция қызметінің басшысы–Зейнулин Дамир Маратұлы;
Есіл ауданы төтенше жағдайлар бойынша бөлімінің бас инженері, азаматтық қорғаныс лейтенанты– Калиев Арслан Маратұлы;
№2 орта мектебінің балалар қозғалысының үйлестірушісі – Глыгина Асель Есенгалиевна;
Балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының пікірталас үйірмесінің жетекшісі– Ахметбекова Гульнара Сагинтаевна.
Дөңгелек үстел достық атмосферада өтті, өзекті тақырыптар қозғалды. Дамир Маратұлы Есіл ауданының ювеналды полиция тобының қызметі туралы айтты.
Калиев Арслан Маратұлы көктемгі су тасқыны кезінде қауіпсіздік шаралары мен ережелерін сақтау туралы нұсқау берді. Ахметбекова Гүлнар Сағынтайқызы Есіл өңіріндегі пікірталас клубтарының жұмысын атап өтіп, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы жанындағы «Атамекен» пікірталас клубына кез-келген адам қосыла алатындығын атап өтті.
Ауданда «Мектеп оқушылары арасындағы «Үшғыр ой алаңы» пікірталас қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы жүзеге асырылуда. 2020 жылы 185 оқушы қамтылған 17 үйірме және 14 оқушы қамтылған 2 студия құрылды.
2020 жылдан бастап ауданда мектептің өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді, №2 орта мектептің балалар қозғалысының үйлестірушісі Глыгина Асель Есенғалиқызы осы бағыттағы жұмыс жүйесімен бөлісті.
Республиканың болашағы жастарға және олардың таңдауына байланысты. Ел өміріне белсене араласып, барлық іс-шараларға ден қойып, пайдалы бастамаларға бастамашы бола отырып, жастар өздерінің азаматтық ұстанымдарын анықтай алады, Әсел Есенғалиқызы осы сөздермен өз елінің болашағын құруға деген біртұтас тілекке біріге алатын барлық белсенділерді белсенді өмірлік позицияны ұстануға шақырды.
2020 жылдан бастап аудандағы жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша балалар өкілдіктері жұмыс істейді.Оқушыларды іріктеуде білім бөлімінің комиссиясы үлкен жұмыс жасады, сондықтан аудандық тізімге барлық жалпы білім беретін мектептерден 58 оқушы кірді. № 3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әлкей Алуа облыстық кезеңге өтті.
Әлкей Алуа балалар өкілдіктері өз қызметін БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, қолданыстағы заңнамалар, балалардың мүдделеріне арналған мемлекеттік саясат және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратынын айтты.
Балалар өкілдігінің қызметі оның мүшелерінің жеке жұмысы түрінде жүзеге асырылады, олар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға келесіні хабардар етеді:
1) балалар құқығының бұзылғандығы туралы ақпарат;
2) білім беру ұйымдарының әрқайсысында балаларға қатысты мәселелер бойынша балалар өкілдіктерінің пікірлері мен шешімдері;
3) әр білім беру ұйымындағы әлеуметтік және басқа мәселелерді шешуде балалар өкілдерінің ұсыныстары;
4) балалар өкілдіктерінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін басқа да жұмыс түрлері.
Әлкей Алуа дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларын өз тағдырына және айналасындағы балалардың өз құқықтарын қорғауға мұқтаж балалар тағдырына бей-жай қарамауға және өмірден өтетін құнды басымдықтарын дұрыс белгілеуге шақырды.
Белсенділер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті, құндылықтар адамның бағыттылығы мен оның әлеуметтік белсенділігінің, мінез-құлқы мен іс-әрекетінің мазмұнына, оның әлеуметтік позициясы мен оның жалпыға, әлемге, өзіне және басқа адамдарға деген көзқарасына айтарлықтай әсер етеді.
Дөңгелек үстел жұмысы табысты аяқталды. Тәрбие әдіскері Д.Хангишиева барлығына мықты денсаулық және жастарымыздың барлық бастамаларында сәттілік тіледі.
Іс-шараға қатысушылар саны 85 адамды құрады.