"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алтын қазына

19.04.2021

            Алтын қазына

     2021 жылы наурызда Есіл қ. БЖШО жанында  өткен «Алтын Қазына» аудандық сәндік-қолданбалы өнер байқауының басты міндеті - оқушыларды көркемдік өнерге, мемлекетіміздің тарихи мұрасына баулу. Байқауға  қатысу арқылы балалар шығармашылығы дамиды, қоршаған әлемді эмоционалды түрде біледі. Жас шеберлер қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнерде халықтық дәстүрлердің сақталуы және елдің мәдени-тарихи мұраларын арттыру бойынша ізденістер байқалған сәндік-қолданбалы өнер байқауының 4 номинациясы бойынша өз жұмыстарын ұсынды.

      «Тоқыма бұйымдарын жасау» номинациясы бойынша:

 1 орын- Әміртаева Тоғжан (№3 ОМ),

2 орын– Вдовцова Лиана (Ақсай ОМ), Мухаметова Лиана (Юбилейный ОМ), Тарлыкова Алена (Заречный ОМ).

3 орын - Садвокасов Адият (Игілік ОМ), Верзун Ярослав ( Ақсай ОМ), Ибрашева Наргиз ( №3 ОМ), Түгел Кінезия (№3 ОМ).

     «Ағашты, сүйекті, теріні көркем өңдеу» номинациясы бойынша:

  1 орын- Николаенко Анастасия (Юбилейный ОМ),

3 орын- Кухмарь Ангелина (Московский ОМ) және Саутбеков Тамерлан (Құмай НМ).

    «Ағаштан, тастан, саздан ұсақ пішінді мүсіндер жасау» номинациясы бойынша:

  1 орын - Омаров Дамир ( №2 ОМ),

  2 орын - Кучинская Татьяна (Ярославка НМ).

      «Ұлттық ою-өрнек элементерімен халықтық киім үлгісін жасау» номинациясы бойынша  1 орын - Бакирова Томирис (Ярославка НМ), 2 орын-Серикова Жансая (Ковыльный ОМ).

     «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясы бойынша:

   1 орын - Каргаполов Максим (Ақсай ОМ) және Баршакаева Айдана (Красивый ОМ);

2 орын – Киселева Мария (№1 ОМ) және Степаненко Кирилл (Ковыльный ОМ);

3 орын - Тлеубаева Карина ( Заречный ОМ), Абдыкаримова Анна (Курский ОМ).

     Жұмыстарды  бағалау кезінде орындау сапасы мен көркемдік деңгейі ғана емес, өзіндік ерекшелігі де ескерілді.

Просмотров: 395

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст