"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық конференция

20.08.2025
Ауданымыздың өкілдерінің облыстық конференцияға қатысуы
 
Косшы қаласында «Білім болашағы: адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық тамыз педагогикалық конференциясы өтіп, оған 300-ден астам педагог қатысты.
 
Форумға біздің ауданнан төмендегі өкілдер қатысты:
• Қажетова М.А. – білім бөлімінің басшысы,
• Хангишиева Д.Г. – аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі,
• Ашенов А.К. – білім бөлімі кәсіподақ комитетінің төрағасы,
• Ашенова А.К. – «Болашақ» балабақшасының меңгерушісі,
• Молдатина Ф.О. – Есіл қаласының №3 орта мектебінің директоры,
• Ребик Т.Ю. – Ковыльное ауылы мектебінің тәрбие ісі жөніндегі  директор орынбасары.
 
✨ Қуана айта кетерлік жайт, Есіл қаласының №3 жалпы орта мектебі Қазақстан Республикасының ең үздік 100 мектебінің қатарына еніп, 3 000 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды. Марапатты Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы табыстады.
 
Сонымен қатар, №3 мектеп оқушылары Қазақстан тарихы пәні бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Олар жоғары білім деңгейін көрсетіп, өз еңбегімен ауданымыздың мерейін үстем етті. Оқушыларды дайындаған ұстаз Айжан Панияз олардың жеңісіне зор үлес қосып, өзінің кәсіби біліктілігі мен адалдығын дәлелдеді.
 
Бұл жетістіктер – ауданымыздың мақтанышы әрі білім беру ісін дамытуға қосқан зор үлес!
Просмотров: 287


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст