"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз

11.03.2026

Жасөспірімдер шығармашылық орталығының акт залында 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік кездесу білім беру жүйесінің дамуына және жас ұрпақты тәрбиелеуге күн сайын зор үлес қосып жүрген әйелдерге деген құрмет, алғыс пен жылы лебіздерге толы болды.
Іс-шара барысында білім бөлімі басшысы Кажетова М.А., әдістемелік кабинет меңгерушісі Хангишиева Д.Г., білім бөлімі қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Ашенов А.К. құттықтау сөз сөйлеп, білім саласында еңбек етіп жүрген педагогтар мен қызметкер әйелдерге кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және балаларға деген қамқорлығы үшін шынайы алғыстарын білдірді. Сондай-ақ оларға зор денсаулық, бақыт, амандық және жаңа жетістіктер тіледі.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – марапаттау рәсімі болды. Осы күні білім беру жүйесінің 120-дан астам қызметкері адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және білім саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталды.
Мереке жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға көктем мерекесі қарсаңында жарқын эмоциялар мен жақсы көңіл күй сыйлады.

Просмотров: 267


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст