04.08.2026
https://drive.google.com/file/d/1JeAM84Xjc-ISfzccsGcDJ2lyVLdzTMJ_/view?usp=sharing
«Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясын өткізу жоспары
Есіл ауданының білім бөлімі 2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізілетін «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жариялайды.
Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға уақтылы көмек көрсету, әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмеуінің алдын алу, сондай-ақ мұқтаж отбасыларды қолдауға жұртшылықты, кәсіпкерлерді және қайырымдылық жасаушыларды тарту.
Бекітілген іс-шаралар жоспарымен танысуға шақырамыз. Оны іске асыру акцияның ұйымдасқан түрде өткізілуін қамтамасыз етіп, ауданның барлық мүдделі ұйымдары мен мекемелерінің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.