Есіл ауданының мектептерінде
ведомствоаралық сараптама тобының
жүргізілген жұмысы туралы есеп
Білім беру ұйымдарының ішінде құрылған тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі мектептік бракераж комиссияларының қызметіне жүйелі мониторинг жүргізу және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімі басшысының бұйрығымен ведомствоаралық сараптау тобы (ВСТ) құрылды, оның құрамына қамқоршылық кеңестің, «Нұр Отан» партиясының, Есіл СЭББ өкілдері кірді.
Ведомствоаралық эскперт тобының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 3 наурызда ауданның 3 мектебінде (Сұрган НМ, Бұзылык НМ, Ақсай ОМ) келесі бағыттар бойынша мониторинг жүзеге асырылды: есепке алу құжаттамасын жүргізу және азық-түліктің салынуына және тағамның шығуын сақтауға бақылауды жүзеге асыру жөніндегі бракераж мектеп комиссиясының жұмысы, мектеп әкімшілігінің тамақтануын ұйымдастыру, мектептегі тамақтану рационының бірыңғай тамақтану стандарттарына сәйкестігі, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жүргізілді.
Рейд барысында мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға талдау жасалды, екі апталық тамақтану рационының мәзірі санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына, сондай-ақ тамақтану нормаларына сәйкестігіне бағалау жүргізілді, үлгілік рационның нақты сақталуына талдау жасалды.
Мониторинг нәтижелері бойынша мектептерге тағамдардың шығуын, мәзірде мәлімделген дайын тағамдардың қоймаға сәйкестігін бақылауды жүргізу, мектеп сайттарында мектептегі тамақтануды ұйымдастыру туралы ақпаратты орналастыру ұсынылды.
Бұл мәселе білім бөлімінің тұрақты бақылауында.