3 ақпан күні Мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» Қазақстанның рухани жаңғыру бағдарламасының мерейтойына арналған «Шабыт 2019» аудандық авангардтық сән байқауы өтті. Жасөспірімдер шығармашылық үйі ұйымдастырған байқауға ауданымыздың 13 мектебі қатысты.
Сән театры баланың жеке дамуын, оның дара қабілеттерін анықтайды. Ал «театр» және «сән» түсініктері әртүрлі болғанымен, балалардың ой-санасы үшін осы түсініктер бір мағынаға жеңіл байлананысты. Өйткені балалар өз тараптарынан фантазер болып келеді. Міне, олар сахнада.
«Эйфория» көктемгі коллекциясымен Жасөспірімдер шығармашылық үйінің жас модельдері бағдарламаны ашты. Қыздар ерекше банттармен әзірленген жарқын киімдерімен, ал кербез киінген ұлдар сахнада өздерін еркін ұстауда, өйткені олар үшін бұл бірінші көрсетілім емес.
Жүргізушілер бірінен соң бірін хабарлауда. Залда ұжымдар жетекшілері, ата-аналар, әжелер, достары дем тартпады, өйткені олар қолдау үшін жиналды.
Коллекцияны ду қол шапалақпен қарсы алды, себебі әрбіреуі ерекше болды. Көрермендер киімдерде астанамыздың көрнекті жерлерін көре алды- Бәйтерек, ЕХРО, Ханшатыр, Пирамида, сонымен қатар, модельдер дәстүрлі халық киімдерін қазіргі заманға сай сән үлгісінде назарға ұсынды, одан басқа батырлар киімдері, шығыс сұлуларының ақ-қара киім үлгілері. Елімізде тұратын халықтардың киімдерін көрсете отыра, көпұлтты мемлекетте тұратынымызды атап өтті. Барлық көрерменді 160 пластикалық ыдыстан әзірленген «Пластикалық лалагүл» таң қалдырды. «Ұлы даланың жеті қыры» (№1 ОМ) коллекциясында біздің Отанымыздың жеті қыры толыққанды анық бейнеленген. Атап айтқанда, сақ патшасы Тұмар, бәйбішектер мен хош иісті алмалар, металлург киімдерін киген ұлдар, «Рухани жаңғыру» жарқын құсы.
Қазылар алқасы: аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Джамиля Хангишиева, тілдерді оқыту орталығының директоры Анар Кекенова, Жасөспірімдер шығармашылық үйінің әдіскері Людмила Сизова мен қосымша білім беру педагогы Айнаш Мұқанова байқаудың қорытындысвн шығарды.
Орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын «Ұлы дала қырлары» нөмір 1 мектеп алды.
2 орынды өзара №3 ОМ, Заречный ОМ, Свободный ОМ бөлісті.
3 орынды С. Серіков ат. ОМ, Сұрған ОМ, Ақсай ОМ иеленді.
Жеңімпаздар білім беру бөлімінің атынан мақтау қағаздарымен, кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды
Байқауға үлкен дайындықпен келген оқушыларға, ата-аналарға, ұжым жетекшілеріне үлкен алғыс. Көрермендерді жас модельдердің киімдерімен, шеберлігімен таң қалдыру оңай іс емес, бірақ бүгін оған қол жетті.
Есіл қ. Жасөспірімдер шығармашылық үйінің медиаорталығы