"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру

01.04.2022

Мектепке дейінгі ұйымдардың әкімшілігі мен педагогтері 2022 жылдың 24 наурызда Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінде өткен «Қазіргі заманғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, проблемалар, перспективалар» тақырыбындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің облыстық форумына онлайн форматта қатысты.

Форум жұмысы 2 кезеңнен тұрды: секциялық және пленарлық отырыстар. Бірінші бөлімде төрт секция ұйымдастырылды: «Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және оның мазмұны», «Сапа критерийлері және менеджмент», «Ойын - жетекші қызмет және балаларды дамытудың негізгі құралы», «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі».

Жұмыс барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту бағыттары, мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрларын даярлау, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы және басқалар талқыланды.

2022 жылдың 25 наурызда облыстық форумның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі аудандық әдістемелік бірлестіктің отырысы өткізілді, оған балабақшалардың меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері, мектепалды даярлық сыныптарының және мектеп жанындағы шағын орталықтардың тәрбиешілері қатысты. АӘБ отырысында облыстық форумда қамтылған мәселелер, форумға қатысушылар ұсынған ұсыныстар және алдағы жұмысқа ұсыныстар қаралды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі-тұжырымдамалық құжат, мектепке дейінгі және мектеп білімі арасындағы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру, қолжетімді пәндік - кеңістіктік орта,балаларды оқытуда ойын сабақтарын дамыту бойынша МДҰ педагогтерінің жалпы кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында 2022 жылдың 30 наурызда балабақша әдіскерлері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі - сапалы мектепке дейінгі тәрбие алу үшін мүмкіндіктерді айқындайтын тұжырымдамалық құжат» тақырыбында вебинарға қатысты.

 

 

Мектепке дейінгі білім беру бойынша әдіскері  М. Унгефуг

Просмотров: 2725


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст