«Менің Қазақстаным»
20 сәуәр күні Нұр – Сұлтан қаласында өткен «Менің Қазақстаным» атты Халықаралық көпжанрлы өнер фестивалі - конкурсы кезекті талантты және дарынды балалардың есімдерін анықтады. Оған тәлімгер А.Ж.Бердіғұлова дайындаған балалар шығармашылығы үйінің үздік әншілері қатысып қайтты. Жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сахна мәдениеті мен шеберлік алмасу, көпұлтты біртұтас кеңістікті құру – осы аталған міндеттер беделді конкурстың басты мақсаты болып табылды. Аталған конкурс біздің қатысушыларға ұмытылмас әсер және жеңіс сыйлады. Біздің жас дарындарымыз түгел жеңіспен оралды. Атап айтқанда, Алихан Қалел – 1 орын, Дархан Мақсұтбек – 2 орын, Дана Кәкімжанова -2 орын, Жаңарыс Айқынбай – 3 орын, Амина Мұхтар – 3 орын иегерлері атанды.