"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда 4к моделін қолдануды және оқу-тәрбиелеу процесіне инклюзивті білімді ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қосу»

18.04.2022

14-15 сәуірде кәсіптік құзыреттілікті арттыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін 4к моделі және инклюзивті білім беру бойынша семинар ұйымдастырылды, оған 47 балабақша, шағын орталықтар мен мектепалды даярлық сыныптарының әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Семинарды Нұр-сұлтан қаласының «Нұрсұлтан» республикалық ғылыми-әдістемелік білім беру орталығының өкілдері өткізді.

Семинар екі бөлімнен тұрды. Практикалық бөлімде 4К моделінің мәні мен маңыздылығы, ерте жастан ойлау негіздерін, ақыл-ой және шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың артықшылықтары, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби дамуы арқылы мектепке дейінгі білім беру жүйесіне 4К моделін енгізу жолдары қарастырылған. Теориялық бөлімде «диалог алаңында» семинар қатысушылары мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік, креативті, командалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыратын интеграцияланған әдістерді қарастырды, бұл олардың әлеуметтік құзыреттілігінің барлық компоненттерінің көрінісінде көрінеді.

Сонымен қатар семинарға қатысушылар 4К форматындағы негізгі құзыреттіліктерді меңгеру мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаның алуан түрлілігіне бағдарлануды, әлемнің бай екенін және әр тараптан ұғынылуы мүмкін екенін түсінуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ мектепте табысты оқуға ықпал етеді.

 

Мектепке дейінгі бөлімнің әдіскері   М.Унгефуг

Просмотров: 857


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст