"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

конференция зав.рмк

04.05.2022

Облыстық ғылыми-практикалық конференцияға 100-ден астам ақмолалық

педагог қатысты

 Бүгін Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы № 3 Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебінің алаңында инновациялық даму арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың өзекті тақырыбына арналған Ақмола облысының жаңашыл педагогтерінің «Білім беру-инновациялық даму аумағы» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

   Конференция облысымыздың жаңашыл педагогтерінің инновациялық тәжірибесін тарату аясында өткізілді. Бұл педагогтер облыстық және республикалық деңгейде шығармашылық жетістіктері бар мектептердің мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері болып табылады.

  Конференцияның төрт бағытта өткен секция жұмысына облыстық және аудандық оқу-әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, жалпы білім беретін, мамандандырылған және арнайы мектеп директорлары мен орынбасарлары, балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері, педагогтер қатысты. Жалпы 100-ден астам педагог қатысты.

  "Педагогтермен  білім беру практикасындағы инновациялық процесті ұйымдастыру және мектептің дамуына басшылық ету жөнінде өзекті мәселелер  талқыланды",- деп  атап өтті ұйымдастырушылар.

  Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді және Ақмола облысы педагогтерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін зерделеу бойынша жұмысты одан әрі дамыту перспективалары анықталды.

Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Д. Г. Хангишиева, «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Ақсай ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры М. А. Кажетова, «Гүлдер» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Е. Б. Федорова, «Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімінің Ковыльный ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т. Ю. Ребик Есіл ауданының өкілдері болды.

 

 

 

 

Заведующая методическим кабинетом                    Д. Хангишиева

Просмотров: 371


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст