2022 жылдың 26 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде «Білім берудің басты құндылықтары: патриотизм, білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік» атты тақырыбында білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі өтті.
Оқу-тәрбие үрдісінің барлық бағыттары бойынша мәдениет үйінің фойесінде әдістемелік көрме ұйымдастырылды.
Кеңес жұмысына Есіл ауданының әкімі Е.Е. Баяхметов, Есіл аудандық мәслихатының хатшысы С. К. Ағымбаева , әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкімнің орынбасары Н. М. Саматов, «AMANAT» партиясының Есіл аудандық филиалының атқарушы хатшысы А. С. Кекенова, Есіл ауданының ПБ бастығы А. С. Метаев, Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция капитаны Д. М Зейнуллин, Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы А. Т Джунусов қатысты.
Есіл ауданының әкімі Е. Е. Баяхметов құттықтау сөзін сөйледі.
Пленарлық отырыста қаралған мәселелер:
1. «Қазіргі білім: дәстүрлер иновация тәжірибесі»;
2. «Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудағы мұғалімнің рөлі»;
3. «Мектепке дейінгі ұйым қызметінің мазмұны және даму перспективаларын жоспарлау қазіргі кезеңде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыру жағдайында»;
4.«Қазақ тілі мен әдебиеті сабактарында оқушыларға патриоттық тәрбие беру»;
5.«Қосымша білім беру мекемесі ретінде балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы рөлідері қарастырылды.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін білім беру қызметкерлерін грамоталармен және алғыс хаттар салтанатты түрде марапаттау өткізілді.
Аудан әкімі Жаңыспай ауылдық округінде балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын «Жаныспай ауылының негізгі орта мектебі»» КММ директорына мектеп автобусының кілті табысталды, сондай-ақ «Үздік білім беру ұйымы 2022» номинациясы үшін «Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» "КММ принтеріне марапаттау сертификаты табыс етілді.