Білім күніне арналған 2022 жылдың 1 қыркүйекте сағат 10.00-де Есіл ауданының жалпы білім беретін мектептерінде салтанатты жиындар өткізілді.
Салтанатты іс-шаралардың мақсаты: жаңа оқу жылы қарсаңында жағымды атмосфера мен жағымды көңіл-күйді қалыптастыру.
Салтанатты іс-шараларға құрметті қонақтар және полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Салтанатты жиындардан кейін мектеп оқушылары арасында «білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
1 қыркүйек әрқашан ұмытылмас, қуанышты және сонымен бірге қызықты мерекесі болып қала береді. Оқушылар мен мұғалімдерге 1 қыркүйектен басқа, мектепте өткізілетін барлық күндері де қуанышты болсын деп тілейміз. Жаңа оқу жылы барлығына жемісті және білімге, жаңа ашылуларға, шығармашылық пен жетістіктерге бай болсын!