"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан 2022 жылғы 25 желтоқсанда Көкшетау қаласында балалар шыршасы өтті.

28.12.2022

         Қазақстан Республикасы Президентінің атынан 2022 жылғы 25 желтоқсанда Көкшетау қаласында балалар шыршасы өтті.

                Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан 8 оқушы, мүгедек балалар мен дарынды балалар президенттік шыршаның қатысушылары болды. «Bolashaq Saraiy» Оқушылар сарайында  «Қош келдің, Жаңа жыл белес, жаңа арман!» түрлі-түсті жаңа жылдық шоу өтті. Шоу барысында балалармен көңілді конкурстар мен отты билер өткізілді.

                «Жаңа 2023 жылмен» Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бейнебайланыс арқылы шырша қатысушыларын құттықтады.Барлығына зор денсаулық, оқуда сәттілік және білімге ұмтылуда ең биік белестерге жетуді тіледі. Жаңа жылдық шыршаға Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б.А. Жүсіпов қатысты.

         Қазақстан Республикасы Президентінен сыйлық ретінде жаңа жылдық шыршаның барлық қатысушылары: ақшалай сертификат, шақыру картасын, ертегілері бар кітапты, тәтті жаңа жылдық сыйлықтарын алды.

Просмотров: 716


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст