2023 жылғы 11-13 шілде аралығында Елорданың «Астана – менің Отанымның Елордасы» киелі орындары бойынша әлеуметтік тур өткізілді. Есіл ауданынаң халықтың әлеуметтік осал топтарынан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған аз қамтылған және көп балалы отбасылардан, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның ішінде оқуда және спортта ерекшеленген 10-14 жас аралығындағы 15 оқушысы қатысты.Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі Қазақстан астанасының 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты: балаларды Астана қаласымен таныстырып, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы қосымша білім алу.
Тур барысында балаларға қала бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылды, Экскурсияда Астана қаласының «Бейбітшілік және келісім сарайы», Қазақ Елі «Мемориалдық кешені», «Бәйтерек» монументі, жаңа мешіт, «Тұңғыш Президент» мұражайы, «ҚР Ұлттық мұражайы», «Болашақ энергиясы – сала» «Нұралем», Қарулы Күштердің мемлекеттік Әскери-тарихи мұражайы, «Атамекен» мұражайларының көрікті жерлерін аралады. Есіл өзенінде өзен кемесімен серуендеу балаларға көптеген жарқын әсер қалдырды.