Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету және ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мақсатында Есіл ауданында 10 мектепке дейінгі ұйымдарда (5 бөбекжай мен 5 мектеп жанындағы шағын орталықтарда) мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бармайтын ата-аналар мен балаларға арналған консультациялық пункттер тұрақты негізде жұмыс істейді. Сондай-ақ, биылғы жылы тағы 14 мектеп жанындағы шағын орталықта консультациялық пункттер ашылды. Есіл ауданының барлық 24 мектепке дейінгі ұйымдарында консультациялық пункттердің жұмысы ұйымдастырылды, онда балабақшалар мен шағын орталықтарға бармайтын 270 мектеп жасына дейінгі балалар қамтылды.
КП жұмысына тәрбиешілер, музыка жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушылары, психологтар, медбикелер қатысады.
Мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары мен мамандары отбасын әлеуметтік – педагогикалық қолдау ретінде әртүрлі жұмыс түрлерін пайдаланады: дөңгелек үстелдер, жеке кеңестер, әңгімелер, отбасыларға кеңес беру, ұсыныстар.
Ата-аналар үшін ақпараттық буклеттер, пайдалы кеңестердің жадынамалары, сондай-ақ қиялды, есте сақтауды, зейінді, қолдың ұсақ моторикасын дамытатын дидактикалық ойындар дайындалып, таратылды.