17 мамырда балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін қолдау және насихаттау, мектепке дейінгі жастағы тіларалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, көптілді тұлғаны тәрбиелеу мақсатында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер арасында "Тіл парасат-2024" байқауы өтті. Байқауға балабақшалардың, шағын орталықтардың және мектепалды даярлық сыныптарының 7 тәрбиеленушісі қатысты, олар байқау барысында мемлекеттік және орыс тілдерінде өлеңдер айтып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Алынған ұпайлар негізінде орындар былайша бөлінді: Гра-При Есіл қаласының №1 "Гүлдер" балабақшасы Амантай Гүлнүр (171 б.) , 1 орынды 3 балдық айырмашылықпен Кибекова Айсулу - Есіл қаласындағы №3 "Балбөбек" балабақшасы (168 б.) лайықты иеленді.), 2 орын Мұрат Медина- Есіл қаласының №2 "Болашақ" балабақшасы (141 б.), 3 орынды 1 бал айырмашылығымен Төлеубай Әльфараби -Есіл қаласының С. Серіков атындағы ОМ мектепалды сыныбы (138 б.) және Умирбаева Асылым - Интернациональное а. "Сәулем"шағын орталығы бөлісті (137 б.).
Байқаудың басқа қатысушылары да өздерін лайықты көрсетті, олар қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды: Қайржанова Гаяна- "Балдәурен" шағын орталығы Иглик ауылы (130 б.) және Медей Нұрберген- Есіл қаласының С. Серикова атындағы ОМ мектепалды сыныбы( 129 б.)
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!