"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рейдовые мероприятия в рамках национально информационной кампании 12 дней борьбы против эксплуатации детского труда

12.06.2020

Қылмысқа қарсы күресті күшейту, көшелерде, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ескерту мақсатында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық кампаниясы шеңберінде Есіл ауданында «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралары өткізілді.

Алдын алу іс-шараларын өткізу шеңберінде білім бөлімінің қызметкерлері Есіл ауданы ПБ ювеналды полиция тобының инспекторларымен, Есіл ауданы жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерімен, ЖРО қызметкерлерімен, №7 АТК әлеуметтік педагогімен жоспар әзірленді, оған сәйкес бірлескен рейдтер өткізілді.

«Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралар нәтижесі бойынша Есіл ауданы мектептерінің 12 оқушысы, №7 АТК-нің 1 студенті анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2б. бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6 –ға дейін анықталған кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

"Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн" ақпараттық кампаниясы аясында Есіл ауданының ПБ қызметкерлері Баймагомбетов А. К., Темірханов Ж. М. және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әдіскер Шарабака А. П. Есіл қаласының аумағында балалар еңбегінің ең нашар түрлері фактілерін анықтау бойынша профилактикалық рейд өткізді.

Рейд жүргізу барысында 3 құрылыс нысаны, 4 көлік жуу орны тексерілді.

Балалар еңбегінің ерекшеліктерін түсіндіру бойынша буклеттер мен жадынамалар таратылды. Іс-шара барысында балалар еңбегін заңсыз пайдалану анықталған жоқ.

Просмотров: 493


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст