«Үздік авторлық бағдарлама» байқауы
Оқу пәндерінің, элективті курстардың, пәндерді таңдау бойынша арнайы курстардың авторлық бағдарламаларын жасайтын үздік педагогтардың озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату; педагог-зерттеушілердің шығармашылық әлеуетін анықтау және қолдау мақсатында 15 маусым күні «Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ - нде жыл сайынғы «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы өткізілді.
Оқыту тәжірибесінде жеке әзірлемелерді қолдану және пайдалану мүмкіндігін ауданның 12 мұғалімі ұсынды. Авторлық бағдарламалар жасай отырып, аудан педагогтары шығармашылық қызметтің нәтижелерімен, педагогикалық идеялармен және жобалармен бөлісті.
Орловка ОМ мұғалімі Ы.Б. Альмаганбетованың 7-8 сынып оқушыларына арналған "Шабыт" факультативтік курсының авторлық жұмысы ерекше назар аударды, өз әзірлемелерінің материалдары ұсынылған жұмыс 1 орынға ие болды және облыстық байқауға қатысуға ұсынылды.
Свободный ОМ-нің педагог-психологі О.А.Сизоненконың «Менің мамандығым - менің стратегиям» жобасы және 2 орынға ие болған Заречный ОМ-нің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Л.Л.Евтухтың «Оқушылардың зерттеу қызметінің теориясы мен практикасы» элективті курсы өте өзекті болды.
Үшінші орында №2 ОМ-нің мұғалімі Абишева Г.М. «Орыс әдебиеті курсы бойынша қызықты құрал, 11 сынып», Жалмагамбетоваой Ш.М. « Риторика» атты таңдаулы курсының бағдарламасы, Свободный ОМ-нің мұғалімі Шурыкпаева Г.Ж. «7,8 сынып бойынша білімді бақылауға арналған дидактикалық материалдар мен тесттер».
Өз шеберліктерін тәжірибеде көрсетіп, мысалдарын пайдалануға мүмкіндік берген осы педагогтардың еңбегі назар аударуға лайық.