«Қауіпсіз мектеп ортасы» Республикалық акциясы.
2020 жылғы 10 тамызынан бастап Есіл ауданының мектептерінде «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру.2020 жылдың 15 қыркүйегінде Есіл ауданының мектептерінде жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда мұқият болуға шақыратын бірыңғай онлайн-флешмобтар өткізілді.0-8 сынып оқушылары көшеде, жолда қауіпсіз жүру ережелерін түсіндіру мақсатында қауіпсіздік сабақтары өткізілді. «С. Сериков атындағы ОМ» КММ-нің директордың тәрбие жұмысының орынбасары Ш. М. Жолмағамбетовнаның әзірлеген бейнеролигі мектептерге әдістемелік құрал ретінде жіберілді(бұл бейнеролик "Жол қозғалысының ережелері бойынша үздік бейнеролик" облыстық байқауында 3 орын иеленді). 1-8 сынып оқушыларына «5 ережеге жол берілмейді» жадынамасына назар аударылды.
Ата-аналарға арналған облыстық прокуратураның «БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ!» жадынамасы әлеуметтік желілерде, ата-аналық чаттарда орналастырылған.