Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» бірінші Ұлттық олимпиадасының қорытындысы туралы ақпарат
Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында, ауылдық мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттіктерін дамыту және қолдау мақсатында Қазақстанда биылғы жылы алғаш рет «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың басты ұйымдастырушысы - "Елбасы академиясы" корпоративтік қоры.
Олимпиада 2020 жылғы 24 ақпанда басталды. Оған еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6 сыныптарынан 295 мың оқушы қатысты. Олимпиада сырттай және күндізгі кезеңде өткізілді. Сырттай кезең қорытындысы бойынша математика, жаратылыстану, информатика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінің нәтижелері негізінде 5000 оқушы іріктелді.
Ақмола облысы бойынша "Мың бала" ұлттық олимпиадасының І кезеңіне 13731 оқушы қатысты, оның ішінде 5 сынып оқушысы – 7079, 6 сынып оқушысы – 6652. Ағымдағы оқу жылының І және ІІ тоқсанындағы бағалау нәтижелері негізінде 6 пән бойынша 300 оқушы (150 – бесінші сынып оқушылары, 150 - алтыншы сынып оқушылары) олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
2020 жылғы 21 тамызда өткізілген "Мың бала" бірінші ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 207 оқушы қатысты. Олимпиаданың ІІ кезеңі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтай отырып Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінде (қатысушылар саны – 128) және Көкшетау қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінде (қатысушылар саны – 79) өткізілді.
Есіл ауданынан 2 оқушы облыстық кезеніне қатысты. Феллер Дарья-Заречный ОМ және Поносов Сергей – Знаменская ОМ. Облыстык кезенінің женімпазы Поносов Сергей КММ «Нұр-Сұлтан қаласының дарынды балаларға арналған областық №2 мектеп-интернат» өтті.
ББб ГЦ әдіскері Мусина А.С.