2020 жылғы 7 қазанда «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ-нің басшысы С.К. Алтаев және басшының орынбасары М. Ш. Әбілмәженов жұмыс сапарлары барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар оқитын Есіл ауданының қалалық мектептеріне: №2 ОМ, №1 ОМ, С.Серіков атындағы ОМ барды.
Мектептерге барған кезде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс үшін еңбекақы төлеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес « Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар кедергісіз қолжетімділікті және қолжетімді білім беру ортасын құру бойынша ұсыныстар берілді.