«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық онлайн режимдегі конкурсының қорытындысы.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылдың 14 қазанында онлайн режимде «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық онлайн режимдегі конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты - туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Аудан бойншы 17 оқушы қатысты. Облыс кезеніне 4 оқушы өтті:
Облыс бойынша 14 ауданнан, мамандандырылған мектеп-интернаттарынан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 73 оқушы қатысты.
Конкурс 2 тур бойынша өткізілді:
І тур – Қазақстан тарихы бойынша тест тапсыру;
ІІ тур – 4 номинация бойынша:
1) «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы;
2) «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы;
3) «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы;
4) «Менің туған өлкем» номинациясы.
Облыстық кезені 14 қазанда өтті.
Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдармен марапатталды:
«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Бекмагамбетов Аслан -Есіл ауданы, Красивинский орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Толстолуцкая Елизавета - Есіл ауданы, С.Серіков атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
Білім басқармасының Грамотамен марапатталды:
«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Сергеева Дарья - Есіл ауданы, С.Серіков атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
ГЦ әдіскері Мусина А.С.