«Жыл отбасы»
21 қазан күні «Жыл отбасы» аудандық сырттай байқауы өтті.
Мақсаты:
Отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Міндеттері:
- отбасылық әулеттерге, жас және әлеуметтік жауапты отбасыларға қолдау көрсету;
- аймақтағы осындай іс-шараларды (байқаулар, фестивальдар, акциялар) ынталандыру және қолдау;
- отбасының беделін арттыру;
- отбасылық әулеттердің оң тәжірибесін тарату.
Аудандық қашықтықтан өткен байқауда 16 отбасы қатысты.
Конкурс мерекенің сырттай түрінде өткізіліп, келесі кезеңдерді қамтыды:
1. Бейне-таныстыру 10 минуттан аспайды (отбасын құру тарихы, отбасы құрамы, оның жетістіктері, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер, қайырымдылық және еріктілер қызметі, балалардың мектеп өміріне қатысу туралы ақпарат. (Слайд-презентация негізінде).
2. Менің отбасымның фотоколлажы немесе «Бақытты отбасы: отбасылық қуаныш, сүйіспеншілік, нәзіктік, қамқорлық» альбомы. (отбасының тууы, баланың дүниеге келуі, алғашқы жеңістер, жетістіктер туралы әңгіме. (фотосуреттер позитивті, отбасы өмірінің жақсы сәттері бейнеленген).
Қазылар алқасы құрамына:
Ашенов Алмас Камелович – Білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ алқасының төрағасы;
Еркебуланова Адина Мауленовна – Тілдер дамыту орталығы жетекшісінің м.а.
Есемшарипова Валерия Аскаровна – №2 орта мектебінің қамқоршылар кеңесінің төрайымы;
Сизова Людмила Владимировна – Жасөспірімдер шығармашылық үйінің оқу-тәрбие жұмысының әдіскері;
Хангишиева Джамиля Гаджиевна – Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскері кірді.
Қашықтықтан аудандық байқаудың қорытындысы бойынша:
Гран- при –Жорабек отбасы Заречное орта мектебі;
1 орын –Тоқтархан отбасы №3 орта мектеп;
2 орын –Алиевтер отбасы Аксай орта мектебі;
2 орын – Рерихтер отбасы Заречное орта мектебі;
3 орын –Кононенко отбасы Жаныспай негізгі мектебі;
3 орын –Тен отбасы С. Сериков ат. орта мектеп;
3 орын –Мухаметовтер отбасы Юбилейное орта мектебі.
«Жыл отбасы» қашықтықтан аудандық байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қатысушылар мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жорабек отбасы Есіл ауданы атынан облыстық сырттай байқауға қатысады.
Барлық қатысушыларға мықты денсаулық, отбастарына бақыт және жаңа жеңістер тілейміз!