Текст
А.ж. 23 қазанда Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Есіл ауданының білім беру бөлімімен бірлесіп аудан мектептерінің жоғары сынып оқушыларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша онлайн дәріс өткізді. Іс-шараға қатысушыларға деструктивті діни ұйымдар мен ағымдар, дін саласындағы ҚР заңнамасы, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі туралы ақпарат жеткізілді.