Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна
отырып, орыс және еуропа мәдениетімен
жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор – ол (Ибраһим) Құнанбайұлы
Абай.
Осы атаулы есіммен Есіл қаласы №1 орта мектебінде, Есіл ауданы білім бөлімінің
ұйымдастыруымен «Абай оқулары» атты аудандық байқау өтті. Мерекелік іс – шара
Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, іс – шара ұйымдастырушылар
алғашқы құттықтау сөзді Есіл ауданының білім беру бөлімінің тіл әдіскері Мусина
Алмагүл Сұлтанқызына берді. Ол өз сөзінде үміттерін үкілеп келіп отырған барлық
сайысқа қатысушыларды үш тілде құттықтап,
сәттілік тіледі. Атаулы мерекені әрі қарай Есіл қаласы №1 орта мектебінің «Ерке
қыз» бишілер тобы және «Балалар хоры» «Қазақстан» әнімен жалғасын таба білді. Мектептің тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары мерекелік іс – шараның жүргізушісі Әлкей Ақбота байқаудың
шарттарымен және әділ қазылар алқасымен таныстырып өтті. Байқау ІІ бөлімнен
және мемлекеттік тіл мен орыс
тілінде оқытылатын оқушылар арасында
болды. І бөлім «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», ІІ бөлім «Көңілім әнді
ұғады». Байқауға қатысқан үміткерлер өз бақтарын көпшіліктің арасында жоғары
дәрежеде көрсете білді. «Жүзден жүйрік
озар» демекші байқауда мемлекеттік тілде оқытылатын оқушылар арасында І –
бөлім «Өлең сөздің патшасы» бойынша І
орынға ие болған Есіл қаласы №3 орта мектебінің оқушысы Өмірзақ Эльмира, ІІ
орынға ие болған Игілік негізгі орта мектебінің оқушысы Темірбек Дастан, ІІІ
орынға ие болған Красивое орта мектебінің оқушысы Абдуашова Аида, ІІ – бөлім
«Көңілім әнді ұғады» бойынша 5 (бес) үміткер қатысқандықтан 2 (екі) жүлделі
орын ғана беретін болып әділ қазылар алқасы ақылдаса отырып оындай шешімге
келді. І орынға ие болған Московкое орта мектебінің оқушысы Төлеубай Сұлушаш,
ІІ орынға ие болған Есіл қалас №3 орта мектеп оқушысы Әлкей Алуа жеңістердің
төрінен көріне білді. Орыс тілінде оқытылатын мектеп оқушыларының арасында І – бөлім «Өлең
сөздің патшасы» бойынша І орынгға ие
болған Есіл қаласы С.Серіков атындағы орта мектеп оқушысы Қаржау Роза, ІІ
орынға ие болған Абсейтова Алина, ІІІ орынға ие болған Ақсай орта мектебінің
оқушысы Касимбекова Милана жеңіске жетсе, ІІ – бөлім «Көңілім әнді ұғады»
бойынша І орынға ие болған Есіл қаласы №1 орта мектеп оқушысы Бегалин Руслан,
ІІ орынға ие болған Есіл қаласы №2 орта мектеп оқушысы Божко Дмитрий, ІІІ
орынға ие болған Заречный орта мектебінің оқушысы Копылова Ангелеина биіктерден
көріне білді. Жетекшілерге көп рахмет, оқушыларды дайындап әкелген үшін.
Тіл әдіскері
Мусина А.С.