БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР БОЙЫНША ВЕБИНАР
23 қазан күні Есіл ауданында бастауыш сыныптарда «Қашықтықтан және тұрақты режимдерде БЖБ және ТЖБ өткізу» тақырыбында вебинар өткізілді, оған 42 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Бірінші сұрақ бойынша «БЖБ және ТЖБ-ны қашықтықтан және тұрақты форматта өткізу ерекшеліктері» тақырыбында аудандық әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Т.В.Шаникова сөз сөйледі. Ол жиналғандардың барлығын БЖБ және ТЖБ ерекшеліктерімен таныстырды, әріптестерін 2020 жылғы 21 қазандағы № 125 бұйрығының өзгерістерімен таныстырды. (1-қосымша)
Содан кейін бастауыш сыныптардың әдіскері Ю.П. Гордиенко сөз алды, ол әріптестеріне шектеу шаралары жағдайында оқу кезеңінде формативті бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар берді. Жиналғандардың бәрін бастауыш сынып мұғалімдерінің әрқайсысында болуы қажет бұйрықтармен таныстырды (№135 бұйрық, 29 абзац, 2020 жылғы 21 қазандағы № 453 бұйрық, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 130 бұйрығы, ФД туралы 8 жадынама қосымша).
Вебинар диалог алаңымен аяқталды, мұнда мұғалімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, барлық сұрақтарға жауаптар мен ұсыныстар берілді.
Бастауыш сыныптар бойынша әдіскер Гордиенко Ю.П.