«Бақытты кезең» байқауы
28.10.2020 - 06.11.2020 жылдар аралығында Білім беру бөлімі инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Бақытты кезең» байқауын өткізді.
Бұл байқаудың басты мақсаты - көркем бейнелер жасау арқылы балаларға тән шығармашылық әлеуетті ашу, әр адамның жеке қасиеттерін дамытатын шығармашылық іс-әрекет арқылы баланың бойында қатысымдық қасиеттерді қалыптастыру.
Байқау жас санатына қарамастан өткізіледі. Жұмысты бағалау және нәтижелерін қорытындылау үшін әдістемелік кабинеттің әдіскерлері, мәдениет және өнер саласындағы жетекші мұғалімдердің арасынан комиссия құрылды. Комиссия барлық байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша бағалады.
Байқауда орташа жоғары ұпай алған қатысушылар жеңімпаз атанды.
Комиссия сыйлықтарды тағайындауға, сыйлықтарды бірнеше қатысушыға бөлуге, қосымша ынталандыру сыйлықтарын тағайындауға құқылы болды. Байқауға суреттер, қолөнер бұйымдары, өлеңдер қабылданды.
Байқау қорытындысы 2020 жылдың 09 қарашасында шығарылды.
Байқау жеңімпаздары:
1 орын
Пучаев Егор
Немков Егор
Сұлтанқожа Санжар
2 орын
Байкиджинова Камила
Гайдуллина Венера
Вороный Сергей
3 орын
Дедейко Илья
Кутузова Виктория
Жеңімпаздарға марапаттау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Инклюзивтік білім беру әдіскері: Баягизова Н.Б