"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есіл ауданының білім беру саласындағы мемлекеттік тілдің жағдайы туралы

19.11.2020

Есіл ауданының білім беру саласындағы

мемлекеттік тілдің жағдайы туралы

 

Есіл ауданының білім беру саласындағы мемлекеттік тілді оқыту инфроқұрылымы төмендегідей:

 28 аудан мектептерінің ішінде 3 мектеп мемлекеттік тілде,7 мектеп –аралас, 18- орыс тілінде оқытылады, 1-11 сыныптарда  3604 оқушы оқиды, оның 717 оқушысы мемлекеттік тілде білім алады, оның ішінде 437 оқушы мемлекеттік тілде оқытатын, 280 оқушы – аралас мектепте оқиды.  Өзге ұлт өкілдерінен 6 оқушы мемлекеттік тілде оқып жатыр. 

 27 мектепке дейінгі мекемелер 6 балабақша және 21 шағын орталықты құрайды.       6 балабақшаның 4-і аралас тілде оқытылады, оның 10 тобы мемлекеттік тілде оқытады. Барлық тәрбиеленушілер саны 181 бала, оның 23 –сы өзге ұлт өкілдері.

21 шағын орталықтың 4 -і мемлекеттік тілде жүргізіледі, барлығы 37 тәрбиеленуші, оның 9 тәрбиеленушісі өзге ұлт өкілдері.  

Алдыға қойған мақсатымыз- мемлекеттік тілде оқытатын топтар көбейту.

- Көрнекі ақпарат стендтерін безендіру кезінде екі тілділік нормалары сақталады.               Іс қағаздарын жүргізу екі тілде жүзеге асырылады;

- мемлекеттік тілді оқыту бойынша әдістемелік көмек ретінде аудандық пәндік әдістемелік бірлестіктер және  қазақ тілі пәні мұғалімдерінің бірлестіктері жұмыс жүргізеді, семинарлар, вебинарлар, конференциялар өткізіледі;

-Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде мемлекеттік тілдің коммуникативті қызметі жоғары;

-Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқып жатқан қазақ тілі оқытушыларының саны 61 адам- 100%

-Білім беру қызметкерлері қазақ  тілін  білу деңгейін бағалау жүйесі «Казтест» бағдарламасы бойынша сертификаттаудан өтеді.

- Мемлекеттік тілді оқыту бойынша барлық жағдай жасалған: мектептерде үйірмелер жүргізіледі, материалдық-теникалық база жаңартылған. (18 ЛМК-кабинет, басқа мектептерде мультимедиялық жабдықтар орнатылған)

- Мемлекеттік тілді және Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге бағытталған азаматтық тәрбие беру жұмыстары жүргізіледі (Оқушылар жыл сайын аудандық, облыстық «Жарқын болашақ», «Қазақ тілі өзге ұлттардың арасында», Тілдер күні, «Тіл дарын», «Тіл парасат», «Мың бала», «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «Бала би», «Макатаев оқулары»  т.б. байқауларға қатысады.

   2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру тиімділігінің критерийлері:

1) мемлекеттік тілді білу деңгейі - 27%, /өткен жылмен салыстырғанда  21%/

2) мұғалімдердің кәсіби шеберлігі, оқушылардың тілдік даму деңгейі;

3) кітапхана қызметі, кітапхана қорының мазмұны;

4) кеңселерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету.

Әкімшіліктің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі - мектеп әкімшілігінің 36% -ы мемлекеттік тілді меңгерген.

Мемлекеттік тілді толық оқып меңгеру   үшін:

-мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;

- тілді білу деңгейін және диагностикасын  жүргізу;

- білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау және бақылау жүйесін жетілдіру мәселесін пысықтау;

- оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін дамыту арқылы қазақ тілін қашықтықтан оқытуды енгізу қажет.

 

Просмотров: 1194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст