2020 жылдың 17 қарашасында «Сертификатталған мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін арттыру» атты мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мұғалімдеріне арналған республикалық семинар ұйымдастырылып, онлайн режимінде өткізілді.
Вебинар барысында педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры С.Н.Жиенбаева білім беру мен оқытудың негізгі дидактикалық принциптеріне ерекше назар аудара отырып, «мектепке дейінгі педагогика және психология» блогы бойынша мәселелерді егжей-тегжейлі атап өтті.
Республикалық «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығының ақпараттық-талдау бөлімінің аға сарапшысы Сапаралина А.Т. өз сөзінде тестілеудің сипаттамасын, мектепке дейінгі білім берудің нормативтік құқықтық актілерін, бес білім беру саласы бойынша тестілердің мазмұнын, тест тапсырмаларының мазмұнының сипаттамасын және тестілеуге дайындық үшін ұсынылған әдебиеттер тізімін ұсынды.
Мектепке дейінгі оқыту әдіскері М.Унгефуг