2024 жылдың 19 қыркүйегінде «Есіл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сынып оқушыларына арналған XVII Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Президенттік олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндері бойынша дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіби бағдар беруі үшін оңтайлы жағдайлар жасау;
2) оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
3) жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі дамытуын қолдау. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау;
Олимпиадаға аудан мектептерінен 10 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
1 орын - Жанахмет Асланбек - «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
2 орын - Қабдуахит Нұрасыл - «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектеб» КММ
3 орын - Кузьмина Кристина - «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектеб» КММ
4 орын – Селезнева Валентина - «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Знаменка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
Жоғарыда аталған оқушылар алдағы облыстық іріктеуде аудан намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!