2024 жылғы 11 қарашада Есіл қаласының № 3 ЖББМ және № 2 ЖББМ базасында пәндер (тарих, бастауыш сыныптар, химия және биология, география, математика, дене шынықтыру, директорлар, директорлардың СРБ, ББ жөніндегі орынбасарлары) бойынша 20 секцияның отырысы өтті.
Секциялар жұмысы шеңберінде білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралды: "Пәндер бойынша білім сапасын талдау, 1 тоқсанның қорытындысы", "PISA, МОДО-ға дайындық", "ЖШК жұмысын ұйымдастыру", "Құзырет орталықтарының жұмысы", "Білім беру округінің жұмысы", "Бірінші сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жағдайларына бейімдеу процесі", "Шеберлік сыныбы: «Жасөспірімдер ортасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу», «Жетістік тарихы және КДҚО жұмысы шеңберінде ата-аналармен ынтымақтастық үлгілері»,«Сынып жетекшілерінің шығармашылық кәсіби белсенділігін ынталандыру».Қауымдастық басшылары барлық педагогтарды алдағы жұмыс жоспарымен таныстырып, ұсыныстар жасады.