"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Проект по внесению дополнений в ГОСО

25.11.2024
  • 22 қарашада сағат 11.00-де ZOOM форматында ауданның жалпы білім беретін мектептерінің директорларымен және директорлардың орынбасарларымен мемлекеттік білім беру стандартына ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша кеңес өтті.

     

    Бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында И.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ҚР Білім министрлігінің қолдауымен бастауыш/негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖМБС) жобасын әзірледі.

    МЖМБС жобасын дайындауды Алтынсарин академиясы екі жыл бойы педагогикалық, сарапшылар қоғамдастығының, ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, депутаттарды тарта отырып жүргізді. МЖМБС байқаудан өткізу 2025-2026 оқу жылында басталады, толық іске асыру 2026-2027 жылдарға жоспарланған.

    МЖМБС жобасында оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсіл, көптілді оқыту күшейтілді, білім беруге инклюзивті тәсілді арттыруға бағытталған бірнеше норма енгізілді, МЖМБС тиімділігін бағалау енгізілді, сондай-ақ «әлеуметтік GPA» жаңа ұғымы енгізілді. Сонымен қатар, жаңа МЖМБС жобасы аясында пәндер мен сағаттар саны сақталуда.

    МЖМБС талаптары оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларының мазмұнын әзірлеу кезінде, тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде, мектепішілік бақылауды, педагогтерді аттестаттауды, оқыту нәтижелерін бағалауды, білім алушылардың білім жетістіктеріне қорытынды аттестаттау мен мониторинг жүргізген кезде міндетті болып табылады.

    Білім беру стандарттарын өзектендіру - білім беру саласындағы қазіргі заманғы үрдістерді, цифрландырудың, жасанды интеллекттің қарқынды дамуын ескеруге мүмкіндік беретін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі МЖМБС 2016 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіліп келеді.

Просмотров: 2890


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст