"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазіргі әлемдегі интеграцияның негізгі шарты ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» аудандық семинары

05.02.2025

 

 

2025 жылғы 30 қаңтарда «Московский ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында «Қазіргі әлемдегі интеграцияның негізгі шарты ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» атты аудандық семинар өткізілді.

Московский ауылының ЖББМ педагогтары өздерінің кәсіби деңгейлерін көрсетіп, Есіл ауданының мұғалімдерімен сабақ өткізу әдістерімен бөлісті.

Дене шынықтыру мұғалімі Хуандық Шынберген 6-7 «Б» сыныптарда «Спорттық ойындар» тақырыбында ашық сабақ өткізді;

Бастауыш сынып мұғалімі Болатхан Батима 3-4 «А» сыныптарында «Есептеу. Қорытындылау», «Пікірдің ақиқаттығы және жалғандығы» тақырыптар бойынша сабақ өткізді;

5 «Б» сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сомова Ирина Владимировна «Сөйлемдегі тыныс белгілері» тақырыбында сабақ өткізді;

Басарова Әлия Сұлтанқызы қазақ сыныптарында 11 «А» сыныбында «Соғыстан күйген поэзия. А.А. Суриков – ақын, майдангер, журналист. Әр түрлі байланыс түрлері бар күрделі сөйлемдегі тыныс белгілері» тақырыбында орыс тілі сабағын өткізді;

4 «Б» сыныбында «Weather 2» тақырыбында ағылшын тілі сабағы өткізілді, ағылшын тілі мұғалімі Советхан Рыс;

Сондай-ақ «Жақсы көніл күй жан шуағы» тренингінде педагог-психолог Наурыз Жақсыбайқызы Төлебекова өз шеберлігін көрсетті.

Ашық сабақтар аясында Московский ауылының ЖББМ педагогтары оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін көрсетті, бұл қатысушыларға әртүрлі тәжірибелерді бағалауға және құнды тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік берді. Ашық сабақтар білім беру сапасын арттыруда, педагогикалық қоғамдастықты нығайтуда және кәсіби өсу қағидатын іске асыруда маңызды кезең болды.

Семинар соңында әдістемелік кабинеттің әдіскерлері қорытындыланды, аудандық пәндік қауымдастықтардың басшылары кері байланыс берді (педагогтар балалармен байланыс орнатып, олардың пікірін тыңдай алды, бұл сенімді қарым-қатынас құруға ықпал етті).  Мұғалімдердің кәсібилігінің жоғары деңгейін, олардың сабақты сынып қажеттіліктеріне бейімдеу, оқушылардың дамуына бағытталған түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану қабілеттерін атап өтті.

Жаңа технологияларды енгізуді жалғастыру, цифрлық платформаларды пайдалану ұсынылды.

Орынд.Жилкибаев К.К.

Просмотров: 4699


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст