«Тіл парасат - 2021» байқауы
2021 жылы 14 мамырда аудандық әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалар арасында қазақ және орыс тілдерін білуге арналған «Тіл парасат - 2021» байқауы өткізілді.
Байқау барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өтті.
Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- мектепке дейінгі жаста тіларалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру; «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында көптілді тұлғаны тәрбиелеу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың тіл үйренуге деген қызығушылығының артуы және сөйлеу мәдениеті дағдыларын жетілдіру;
- жас ұрпақтың қазақ тілі мен әдебиетіне ең маңызды рухани құндылық ретінде оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету.
Байқауға ұсынылған өтінімдер бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың 6 тәрбиеленушісі қатысты.
«Сәлеметсіздер! Таныс болайық!» диалог алаңы аясында қатысушылар өздерін таныстырды. Бағалау барысында сұрақтың түсінуін, жауаптың дұрыстығы қарастырылды.
Байқаудың «Поэтикалық парақ» атты екінші кезеңінде өлеңдерді мәнерлеп оқу: дыбыстың тазалығы, дикциясы, шеберлігі, сахналық мәдениеті, орындау ерекшелігі қарастырылды.
Үшінші «Эрудит» кезеңінде қатысушылар суреттер салынған карточкаларда, слайд бойынша таныстыруларда әр түрлі бағыттағы сұрақ-жауаппен жұмыс жасау арқылы білімдерін көрсетті.
Байқау қорытындысында жиналған ұпайлар саны бойынша қатысушылар рейтингі төмендегідей анықталды:
Гран – При: Садыкова Батинай – «Есіл қ. №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ
1 орын: Аймурзина Дильназ – «Есіл қ. №3 «Балбөбек» бөбекжайы» МКҚК;
2 орын: Морозова Полина - «Есіл қ. №2 «Болашақ» бөбекжайы» МКҚК;
3 орын: Вистунов Сергей - «Есіл қ. №1 «Гүлдер» бөбекжайы» МКҚК.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!
МББ әдіскері М.Унгефуг