2026 жылғы 19 наурызда сағат 15: 00-де ZOOM платформасында «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында білім беру жүйесін дамытудың, педагогтардың кәсіби өсуі мен заманауи білім беру тәжірибелерін енгізудің өзекті мәселелері қаралды. Спикерлер баяндама жасап, келесі бағыттар бойынша тәжірибелерімен бөлісті: А.С.Қабденов - Есіл қаласының № 3 ЖББМ-нің әлеуметтік педагогы, «Мазасызданған және бейімделмеген балалармен жұмыс: сынып жетекшісінің рөлі» тақырыбымен;
- Малинская И.В. - Есіл қаласының С.Сериков атындағы ЖББМ-нің педагог-психологы - «Инклюзивті білім беру: Арнайы оқу қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуде педагогтарды әдістемелік қолдау»;
- Ибадулина Г.Т. - әдіскер - «Аттестаттау формальдылық емес, кәсіби даму құралы ретінде»;
- Сапарова Е.С., «Заречное а. ЖББМ» КММ директоры - Мектепті дамыту бағдарламасын іске асыруда жасанды интеллект құралдарын пайдалан