«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бояулар құпиясы» облыстық жас суретшілер байқауына Есіл ауданының намысын қорғап Есіл қалалық №3 орта мектебі КММ-нің талантты да дарынды қаламдарынан ғажайып бейнелер туындаған оқушыларымыз үміттерін үкілеп бақ сынасты. Атап айтар болсақ Ахметова Ақмарал, Омарова Меруерт, Еркін Бектөре Саятұлы, Фазылова Гүлназ Еркінқызы өздерінің үй тапсырмасында дайындаған туындыларын ұйымдастырылған көрмеге ұсынылды. Жұмыстар атауларына тоқталатын болсақ «Голливуд жұлдызы «Супермен», «Ойын, өмір жартысы», «Рухты дала қолында», Ұлы дала серісі «Димаш», «Туған ел – кіндік қан тамған жер», «Қыз келбеті», «Алтын жер». Көрме жұмыстарынан соң барлық қатысушыларға 3 сағат көлемінде іштей таңдаулы тақырыптарда тапсырма берілді. Оқушылар берілген тапсырма бойынша өздерінің өнерлерін әділқазылар алдында көрсе білу болып табылды. Байқауға Ақмола облысының жалпы білім беретін ұйымдарымен кәсіптік мектеп гимназиялары және шығармашылық ұйымдардан көптеген оқушылар яғни жас суретшілер бақ сынасты. Байқауға 92 – жас суретші қатысты. Қорыта келгенде мектебіміздің атынан сайысқа түскен оқушыларымыз олжалы болып қайтты. Ахметова Ақмарал, Омарова Меруерт, Фазылова Гүлназ – мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталса, Еркін Бектөре «Жастар – еліміздің болашағы: үздік лайфхак» номинациясында ІІ орынға ие болды.
Тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер Д. Хангишиева