Шабыт, дарын және шығармашылық адамдарға әрқашан қуаныш сыйлайды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы дала» жобасы аясында өткізіліп отырған «Мельпомена-2019» театрландырылған ұжымдар байқауының кезекті тамаша кездесуі 2019 жылғы 12 наурыз күні Жасөспірімдер шығармашылық үйінде болып өтті. Байқау қатысушылары қазақ және кеңес авторларының қазақ халқының тарихи оқиғалары туралы қойылымдарын ұсынды. Аты аңызға айналған бейнелер көрермендер алдында өз өнерлерін жарқын және сәнді костюмдермен паш етті. Жас әртістер қазақ халқының ұлттық тұрмысы мен мәдениетінің ерекшеліктер імен өмірін жеткіуге тырысты. Іс-шараға Есіл ауданының 8 жалпы білім беретін мектептері қатысты. 1-ші орынды № 1 ОМ «Бродячие артисты» ұжымы жеңіп алды. 2-ші орынды екі команда: Московский ОМ және Свободный ОМ ұжымдары бөліссе, ал 3-ші үш орынды өзара Зареченый ОМ, Ақсай ОМ, № 2 ОМ иеленді. Белсенділік танытқаны үшін Ковыльный ОМ ұжымы марапатталды. Жоба жеңімпаздарына Есіл ауданыныің білім беру бөлімі бағалы сыйлықтар сыйлады.