Текст
2022 жылдың 5 шілдесіңде сағат 11.30-да ZOOM платформасында Республиканың жалпы білім беретін мектептер директорларының ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен кездесуі өтті.
Келесі сұрақтар қамтылды:
1) оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау;
2) Қазақстан Республикасының оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету;
3) мектептерді 2022-2023 жылғы оқу процесіне дайындау.
Ағарту министрі А. К. Аймағамбетовтың айтуынша, мұндай кездесулер Республиканың жалпы білім беретін мектептерінің басшыларымен апта сайын өтетін болады.