"Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования Есильского района Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есіл ауданы,тіл декадасы

05.10.2022

Есіл ауданының мектептерінде ,

2022 жылғы 5-16 қыркүйек аралығында өткізілген Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігіне арналған  іс – шаралар қорытындысы бойынша есеп

Есіл ауданының жалпы білім беретін мектебтерінде Тілдер күніне арналған онкүндік іс – шаралар 5-16 қыркүйек күндері аралығында ұйымдастырылып өткізілді. Онкүндік іс – шаралардың шымылдығын оқушылардың тілдер күніне арнаған үш тілдегі құттықтаулары ашты.

6-9 қыркүйек күндері 1 және 2 сынып оқушыларының арасында «Бала тілі – бал» викторина ойыны өткізілді. Шараның мақсаты – балалардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Сұрақтар қою арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, өзіндік ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі жоғары, барынша қабілетті жанды қалыптастыру.

5-16 қыркүйек күндері аралығында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы 3 – 4 сынып оқушыларының арасында өткізілді. Сайыста оқушылар мақал – мәтелдер айтып жарысты. Сондай – ақ, оқушыларға қазақтың мақал – мәтелдері туралы ақпараттар берілді.

Онкүндік іс – шараларды өткізу және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларында қазақтың үш биіне арналған көрме ашылды. Мектеп кітапханашылары оқушыларға үш бидің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттармен таныстырды.

Онкүндік іс – шаралар жоспарына сәйкес, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің күндері ұйымдастырылды. 5-9 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі күнінде тәлімгер «Тіл білгірі» зияткерлік ойынын өткізсе, ағылшын тілі күнінде ағылшын тәлі пәнінің мұғалімдері үш тілде «Жұлдызды сәт» ойынын өткізді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  ұйымдастыруымен, 10 – 11 сынып оқушылары «Тілім тірегім – соғып тұрған жүрегім» тақырыбында эссе жазып, туған тіл жайында өз ойларымен бөлісті.

16 – қыркүйек күні Есіл ауданының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы М.Т.Өтегеннің қатысуымен, жоғары сынып оқушыларының арасында «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық сағаты өтілді. Іс – шарада оқушылар  жаңа әліпбимен танысты.

Тілдер онкүндігі аясында өтілген барлық іс – шаралар туралы ақпараттар мектептің «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды.

Аудан мектебтерінде 5-16 қыркүйек аралығында «Мәңгілік елімнің –мәңгілік тілі» атты он күндігін аттап өттік. Онда оқушыларға жоспар мен таныстырып іс-шараларға қатысуы туралы ескертілді.

Қысқаша тіл күні туралы түсінік берілді.

07-09.22 « Бала тілі –бал» виктортналық ойын 2-5 сыныпта өткізілді. Тіл туралы мақал- мәтелдерден жарыс ұйымдастырды.

Оқушылар тіл туралы жаттаған өлеңдерін,видиоролктерін вастап желісі арқылы жіберіп қызығушылықтарын білдірді. Тіл мерейі-ел мерейі» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын  кешегі ,бүгінгі ғана емес,ертеңгіде  тағдыры»

09.09.22. «Тіл шебері» (үщ тілді жетік меңгерген мектептік байқау) ағылшын маманы 8-9 сыныптың арасында өткізді. Жақсы атсалысқан оқушыларға мадақтамалар берілді.

8-9.09.22. «Тілім тірегім,соғып тұрған жүрегім» шығармалар байқауы болды. Мұнда оқушылар 3 тілде шығармаларын жазып тапсырды. Тексеріп оқушыларға бағасы берілді. Мақсаты оқушылардың сауаттылығын,жазба жұмыстарына деген қызығушылығын,білімін,шығармашылыққа деген қызығушылығын жан жақты қарастыру.мұнда оқушылари үш тілде шығармаларын жазып тапсырды. Тексеріліп оқушыларға бағасы берілді.

09.09.22. «Тіл білгірлері»интелектуалдық ойын.

Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4- бабында Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі делінген. Апталық күнделігі: 1.  Среди школьников «Бала тілі – бал» игра-викторина ағылшын тілі мұғалімі және мектептің тәрбие ісі  меңгерушісі  жасған викторинасын оқушылар қызығушылықпен шешті.

2. Өзге ұлт өкілдері арасындағы «Мен қазақша сөйлеймін» тақырыбында қазақ тілі мұғалімдері  Өзге ұлт өкілдері оқушыларынан қазақша сөйлеу мүмкіндігін бақылау үшін сұхбат жүргізді. Мақсаты: Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

3. Үш тілді жеттік меңгерген «Тіл шебері» сайысын ағылшын тілі мұғалімі  орыс тілі мұғалімі, қазақ тілі мұғалімі жүргізді.Сайыстың мақсаты: Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтіп, Отанға, туған халқына деген сүйіспеншілікті ояту. Елінің кең байтақ мекені мен ондағы құндылықтарды  дәріптеуге тәрбиелеу. Әр оқушының рухани азығы – ұлтын, тілін, дінін, ділін құрметтеуге баулу. Тілге деген қызығушылығын арттыру.  Бұл сайысты мұғалімдер тыңғылықты дайындықпен  өткізді, жеңіске жеткен оқушыларға сыйлықтар берілді.

Қазақ тілі пәнінен көркем оқу сағаты«Бүтін билікке жеткен- Төле би».                                 сыныптан тыс сабаққа өзіндік талдау

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты: Патриоттық сезімді тәрбиелеу,Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет; Қазақ халқының Төле би ұлы тұлғасымен танысу және оның Қазақ хандығының құрылуындағы рөлі туралы.

Сабақтың мақсаты:

-ел тарихына танымдық қызығушылықты дамыту                                                                   - оқушылардың ой -өрісін кеңейту

«Қазақстан халқының тілдері күніне» арналған онкүндік аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бетин білікке жеткен-Төле би» көркем оқу сағаты өтті.          4 -сынып оқушылары үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақ хандығының ұлы биасы - Төле би туралы презентация дайындалды.

Оқушыларды Қазақ хандығының тарихындағы елеулі тұлғаның өмірімен танысу,оның қаншалықты ақылды және әділ болғаны туралы қызықтырды. Сонымен қатар оның елдің саяси өміріндегі рөлі туралы да қызықты болды. Оқушылар ұлы бидің өмірінен оның жас кезінде дауларды қаншалықты шебер және тапқыр шешетіні туралы эпизодтарды үлкен қызығушылықпен тыңдады. Менің ойымша, бұл шара танымдық және тәрбиелік сипатқа ие. Оқушылар өздеріне керек жаңа мәліметтер алды. https://www.instagram.com/p/CThrNBLMCzZ/?utm_medium=share_sheet

     Бекітілген жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиті пәнінің мұғалімі Сыздыгалина А.Б. 10«а» сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған апталығында «Әйтеке би Байбекұлы» атты ашық сабақ өткізді.

 МАҚСАТЫ: Қазақтың атақты биі Әйтеке туралы толық мәлімет беру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Әйтеке бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беру.

Сабақтың барысында Әйтеке би Байбекұлы туралы толық мәлімет берілді, оқушылардың назарына Әйтеке бидің шығармашылығына арналған бейнефильммен презентация көрсетілді. Оқушылар белсене қатысып, Әйтеке би туралы ақпарат жинап, бір- бірін таныстырды.


http://sc0002.esil.aqmoedu.kz/content/chas-hudoghestvennogo-chteniya-ksh-ghzd-bi-yteke-biДень

 

 «Қазақстан халықтарының тіллер күніне» арналған он күндік барысында, жоспарға сай қазақ тілі мұғалімі Каирбекова З. С. «Орта жүз биі-Қаз дауысты Қазыбек би» тақырыпта көркем оқу сағаты өткізілді

https://www.instagram.com/p/CTjWAPRsad7/?utm_medium=share_sheet

Қазақ тіліндегі «Тіл- достықтың алтын кепілі» интеллектуалды ойыны
сыныптан тыс жұмысына өзіндік талдау. 
Мақсаттары:                                                                                                                                             1. Қазақ тілін үйренуге танымдық қызығушылығын дамыту.
2. 2 -сынып оқушыларының бағдарламалық материалды меңгеру деңгейін тексеру                                                                                                                               3. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға және сөздік қорын байытуға ықпал ету.                                                                                                                                                   Онкүндіктің бұрын жоспарланған жоспары бойынша 2 сынып оқушылары арасында «Тіл-достықтың алтын кепілі» интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойын басталмас бұрын қатысушылар тілдерді білудің рөлі туралы, бүкіл әлемге көптеген тілдердің білгірлері ретінде белгілі адамдар туралы білді және оларды  қалай  атайды – «полиглот» сөзі туралы білімдерін кеңейтті. Интеллектуалды ойын 5 кезеңнен тұрды. Қолданылған АКТ, көрнекі материал. Әр таңдалған тапсырма түзетушілік және дамытушылық бағытқа ие болды. Қатысушылар белсенділік танытты. Іс -шара өз мақсатына жетті. Кейбір оқушылардың білімінде олқылықтар анықталды. Оларды жою үшін қорытынды жасалады. Жалпы, шара өз деңгейінде өтті. Ойын нәтижесінде қатысушыларға сыйлықтар берілді.

Сыныптан тыс сабақ  «Кім тапқыр?»  сайысын 1б-сынып  Калем Айсулу

Оқушылармен жан-жақты сауатты дарынды,озат болуға,еркін сөйле білуге үйрету.Ой-өрісін,сөздік қорын,тілін дамыту.Оқу,білімге,өнерге қызығушылықтарын арттыру.Әсемдікке,сұлулыққа тәрбиелеу.

 

13 қыпкүйек күні Есіл қалалық №2 орта мектебінің 7а сынып оқушылар арасында Тілдер күні мерекесіне арналған сыныптан тыс шара өтті. Шара барысында оқушылардың арасында тіл сайысы ұйымдастырылды. Сайыс 5 кезеңмен өткізілді. Ⅰ кезең. «Дода». Әр топ берілген сұрақтарға тез жауап және нақты жауап беруге тырысты Ⅱ кезең: «Полиглот» Оқушылар жұмбақ шешіп, жауабын тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аударды Ⅲ кезең-«Зерде». Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құру қажет болды. Ⅵ кезең. – « Сөз мәйегі – мақал». Тіл туралы мақал-мәтелдерді кім көп біледі? – сайысы өтті Ⅴ кезең. – « Сен білесің бе?». Тақтада берілген алты ұяшықта сұрақтар мен бейне суреттер болды. Берілген тапсырмаларға ойланып дұрыс жауап беру керек болды. Сайыстың соңында жеңімпаз анықталып, «Атамекен » әні орындалады. Оқушылар белсенділік танытты.Балалар ізденіп, сөздік қорларын ортаға салды. Сайыс өте қызықты өтті.

    Бекітілген жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыздыгалина А.Б 5 «а» сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған «Тіл білгірі» атты интеллектуалды іс-шара өткізді.

Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары.  Оқушылар қазақ тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз. Басты міндетіміз – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру.

«Тіл білгірі» іс- шараның мақсаты: Мемлекеттің тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге,ана тілін  қастерлеуге тәрбиелеу.

Сайыс бес турдан тұрды.

«Ереже»

«Полиглот»

«Бұл кім?»

«Қазақстан тарихынан»

«Жұмбақ»

«Кім жылдам?»

Әр турдағы жауап 5 ұпаймен белгіленіп отырды. Сұрақ барлығына бірдей қойылды. Сұрақтар қазақ тілі, әдебиет пәндері бойынша қойылды.

5 «А» сынып оқушылары бірінен-бірі өткен білімді, тапқыр әрі өнерлі болып шықты.  Оқушылар сайыс сонында тіл туралы өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айта отырып, әнмен шашу шашып, тіліне деген мақтанышын көрсетті. Бірлесіп қара жорға биін билеп тәрбие сағаттарын аяқтады.

В рамках проведения Декады языков народов Казахстана, библиотекарем школы была организована книжная выставка " Читаем на трех языках". https://www.instagram.com/p/CTjkwMhsIHT/?utm_medium=share_sheet

 5-16 қыркүйек аралығында "Московское ауылының ЖОББМ" КММ Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған онкүндік өткізілді. Қазақ, орыс және шет тілдері мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері түрлі іс-шараларды дайындауға және өткізуге белсене қатысты.  Онкүндікті жоспарлау кезінде оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен жеке – психологиялық ерекшеліктері ескерілді. Онкүндіктің мақсаты оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, тілдерді үйренуге деген қызығушылық, басқа елдердің мәдениетін оқуға деген қызығушылықты ынталандыру болды. Оқушылар мектеп бағдарламасының күрделі және қызықты пәндері бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, белсенді қатысты. Онкүндік оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етті. Онкүндік материалдары оқушылардың білім деңгейін тереңдете және арттыра отырып, негізгі бағдарламалық оқыту курсымен байланысты болды. Онкүндіктің бірінші күні тілдер онкүндігінің ашылуы өткізілді, оқушыларға күнделікті іс-шара туралы ақпарат берілді. Тіл мамандары алғашқы күннен бастап онкүндікті өткізуге кірісті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі "Тіл-татулық тірегі"тақырыбында қазақ тілі күні мен сынып сағатын өткізді. Ағылшын тілі мұғалімі "сұрақ-жауап"ойынын өткізді. Оқушылар белсенді қатысты, тәтті сыйлықтар болды. Сондай-ақ, кроссвордтар, тапсырмалар орындады, бастауыш сыныптарға арналған флешмоб өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімдері "Мың бір мақсат,жүз бір жұмбақ"ойынын өткізді. Сонымен қатар "Бала тілі бал"викторинасы өткізілді. Орыс тілі күніне орыс тілі мұғалімдері сынып сағатын өткізді.

Просмотров: 2829


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст