Жастар дауысы
Желтоқсанның 6 – шы жұлдызында Жасөспірімдер шығармашылық үйінде Қазақстан Републикасының Тәуелсіздік күніне арналған аудандық «Жастар дауысы» атты вокалдық байқау болып өтті. Аталмыш байқауға ауданымыздың әнмен және әдемі әуенмен шабыттанған балалары мен жасөспірімдері қатысты. Ауданымыздың 12 жалпы білім беретін мектептерінің жас орындаушылары Отан туралы, отанымыздың керемет сұлулығы туралы ән шырқады. Байқау үш жас санаты бойынша жүргізілді. Кіші топта Гран Приді Шатило Дарья (Зареченый ОМ) иеленсе, орта топта Гран приді Мереке Толғанай (№ 3 ОМ) өз еншісіне салды. Сондай – ақ осы категорияда 1 орынды № 3 ОМ оқушысы Кенжеқара Әйгерім ұтты. Ал, жоғарғы санаттағы Гран Приді № 3 ОМ оқушысы Еркін Бектөре жеңді. 1 – ші орын Бақыт Қайырбекке (Свободный ОМ) бұйырды.